Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың бойжетіп қалған қарындасы елді сұлулығымен тамсандырды (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайбергеннің бойжетіп қалған қарындасы Раушан көпшілікті сұлулығымен сүйсінтті. Раушанның суретін Қанат пен Света Айтпаевтар Instagram парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ал желі қолданушылары аурдың әдемілігіне, сүйкімділігіне таңғалып, жарыса пікір қалдырды.

"Өте әдемі", "Қандай сұлу қыз", "Қызыңыз өте сұлу екен", "Сіздің әулеттің барлық балалары сұлу ғой", "Нағыз қазақтың қызы", "Ибалылығы мен нәзіктігі Раушанды сұлуландыра түсіпті", "Мінсіз табиғи сұлулық".

"Көкесiндей қазақ халқының атын асқақтатын ару болсын. Аллам бақ берсін", " Раушан да көз алдымызда ержетіп, сұлу аруға айналып келеді! Қанат мырза, Света ханым, балаларыңыз бақытты болсын" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Раушан Құдайберген 17 жаста. Ол Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды.

Өткен жылы Димаш Құдайбергеннің Астанада өткен концертінде Раушан ағасымен қосылып "Дудар-ай" әнін орындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796813-bojzetip-kalgan-dimasty-karyndasy-eldi-slulygymen-tamsandyrdy-foto/

pixel