Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оразаны сыйласаң": Купальник киген Бақаеваның суреті қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Түркия еліне отбасылық демалысқа аттанған Салтанат Бақаева желіге жұбайымен түскен суретін жүктеп, жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram парақшасына жұбайымен түскен суретін жариялаған. Алайда Бақаеваға пікір жазушылар екіге бөлініп, бірі өнер иесінің демалысына сәттілік тілеген.

"Демалыс жақсы өтсін", "Өте әдемі", "Жарасымды жұп", "Күйеуіңіз әп-әдемі", "Бүгінгі күннің хиті күйеуіңіз ғой", - деді позитивті пікір жазушылары.

Ал екіншілері қасиетті Рамазан айында купальникпен, ашық-шашық сурет жүктеген әншіні қатаң сынға алған.

"Оразадан күштісіңдер ме?", "Мұсылман қыз Салтанат қадіріңді мұндай арзан суреттермен түсірме", "Алла сабыр берсін. Тым құрыса оразада ұялу керек қой", "Рамазан айын сыйлауың керек еді, ең болмағанда", "Одан да сол купальниктің ақшасын садақаға беріп, ораза ұста", - деп жазды желі қолданушыларының тағы бір тобы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Салтанат Бақаева жұмысқа орналасуына Роза Рымбаеваның көмектескенін ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796871-orazany-syjlasa-kupalnik-kigen-bakaevany-sureti-kyzu-talkyga-tsti/

pixel