Кезінде құмар ойынға салынған Әбдірайымов баланың аузына түкіруге қорқып жүр

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын құмар ойынның шырмауына түсіп, қарызға батқан "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов тыңдармандары алдындағы жауапкершіліктен қорқып жүр. Әнші өзіне ырымдап, аузына түкіртуге бала алып келсе, қуыстанып қалатынын жасырмады деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнерпаз қазіргі уақытта аталған "дерттен" құлан-таза айыққанын айтады.

"Концерттерге барамыз. Апаларымыз бата беріп жатады. Кішкентай бүлдіршіндерге "жолыңды берсін" деп, ырымдап, аузына түкіртіп жатады мысалға. Сол кезде мына іште "лайық емеспін" деген болады. Қазақ айтады ғой, "ұрының арты қуыс" деп. Мен де қуыстанып жүретінмін", - дейді Бағлан Әбдірайымов.

Сондай-ақ, әнші қарызына қарыз қосқан уақыттарын еске алды.

"200 мың доллардан астам ақшаны мен қолымен ұстап тұрып, ұтылып қалған жоқпын. Анадан аласың, мынадан аласың. Қарыздың үстіне қарыз қосасың. Жыртықтың үстіне жыртық қосасың. Сондай бас-аяғын есептеген кезде, менде сондай қаражат шықты да. Сонда менің көзім бақырайып, таңғалғанмын", - дейді "Жігіттер" тобының әншісі.

Естеріңізге сала кетейік, Бағлан Әбдірайымов алдағы уақытта құмар ойынның шеңгелінен шыға алмай жүрген азаматтар мен осы азарттан азап шеккен отбасыларға арнап семинар немесе рухани кеш өткізетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796881-kezinde-kmar-ojynga-salyngan-bdirajymov-balany-auzyna-tkiruge-korkyp-zr/