Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда Шүкенов үшін қойылған ескерткішті қорлағандар іздестірілуде

Опубликовано:

Батырхан Шүкенов
Фото: spletnik.ru, ibirzha.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Оралда Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған ескерткішті қорлаған бір топ жеткіншектер іздестіріліп жатыр. Жігіттердің видеосы ibirzha.kz сайтында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан жас жігіттің Джулияның ескерткішіне шығып алып, жерге секіргені көрінеді. Сондай-ақ, ескерткішті аяғымен тепкен. Ал мұның барлығын жүргіншілер видеоға түсіріп алыпты.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Джулияның ескерткішін қорлағандарды көрген куәгерлер іздестіріліп жатыр.

Сондай-ақ, ескерткішті қорлаған жеткіншектерге 3-10 АЕК айыппұл салынуы немесе олар 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Батырхан Шүкеновтің құрметіне қойылған ескерткіштің бетін фломастермен бояп кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796975-oralda-batyrhan-skenovti-eskertkisin-korlagandar-izdestirilude/

pixel