Қамыр жайып жатқан Мақпал Исабекова көпшілікті тәнті етті (видео)
Опубликовано:
Мақпал Исабекова желідегі оқырмандарына өзінің тамақ әзірлеу өнерін паш етті. Әнші парақшасына қамыр жайып жатқан сәтінен видео жүктеп, көпшілікті сүйсінткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Шоу-бизнес жұлдызы қалай тамақ жасайтынын Instagram парақшасында жария еткен. Видео астындағы жазбаға сәйкес, Исабекова ауызашарға дайындалып жатыр екен.
Әнші өзі әзірлеген тағамды "пияз нан" деп атаған.
Желі қолданушылары өнер иесінің тамақ әзірлеу өнеріне тәнті болып, оған тезірек келін атануға тілектерін жаудырған.
"Жарайсың Мақпал. Келін атана ғой тезірек" , "Қандай тамаша, машАлла. Қолын дерт көрмесін" , "Келін болуға баяғыдан дайынсың ғой" , "Ән салу өнерің де, тамақ әзірлеу шеберлігің тамаша" , "Келін болу керек сізге. Жігіттер қайда қарап жүр" , - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797031-kamyr-zajyp-zatkan-makpal-isabekova-kpsilikti-tnti-etti-video/