Тимур Бекмамбетов лауазымды қызметтегі жұбайымен бірге Нұр-Сұлтанға келді (фото)
Опубликовано:
Қазақстандық танымал режиссер Тимур Бекмамбетов өзінің жұбайы Наталья Фишманмен бірге Нұр-Сұлтанға "Comic Con" фестиваліне қатысу үшін ұшып келді деп хабарлайды шараның ұйымдастырушыларына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Comic Con Astana өкілдері өздерінің Facebook парақшаларында "ерекше қонақ" - әйгілі режиссер, сценарист әрі продюсер Тимур Бекмамбетовтың келгені туралы хабарлаған.
Фестивальде ол өзінің жан жары - Татарстан президентінің көмекшісі Наталья Фишманмен бірге бой көрсетті.

Айта кетерлігі, аталмыш іс-шара Қазақстан астанасында осымен үшінші күн қатарынан өтіп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797280-timur-bekmambetov-lauazymdy-kyzmettegi-zbajymen-birge-nr-sltanga-keldi-foto/