Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анна Данченко Алматы төрінде туған күнін дүркіретіп тойлады (фото)

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Анна Данченко Алматыда туған күнін . Белгілі журналистің қуанышына тек ет-жақындары мен қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары жиналған. Құттықтап келген өнер иелерінің арасында әнші Әбдіжаппар Әлқожа да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко туған күнін Алматыдағы аса қымбат мейрамханалардың бірінде өткізген. Мерекелік кеште туыстарынан гөрі, белгілі тележүргізушіні құттықтап келген әріптестері мен жұлдызды достарының қарасы көп болды.

Өзінің жасын құпия сақтайтын Анна туған күн кешінде нағыз ханшайымдай киінген. Жүргізуші үстіне гүлдермен көмкерілген көйлек киіп, қонақтардың қасында ерекшеленіп жүрді.

Аннаны жеке мерекесімен отандық шоу-бизнес өкілдері де құттықтай келген. Олардың арасында Жігер Ауыпбаев, Ақбота Керімбекова, Бауыржан Бәкіров және Әбдіжаппар Әлқожа бар.

Аннаға сұхбат беріп, кейін басы дауға қалған Әбдіжаппардың бұл туған күн кешінде болғаны көпті таңғалдырды. Желі қолданушылары достар арасындағы өкпе-реніш артта қалған деп болжады.

Туған күнде болған көпшілік мерекелік кештегі суреттермен Instagram желісінде белсенді түрде бөлісуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797329-anna-dancenko-almaty-trinde-tugan-knin-drkiretip-tojlady-foto/

pixel