Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Санын көрсетіп": Сәнді көйлекпен жүгірген отандық актриса жұрттың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Сәнді көйлекпен жүгірген видеосын әлеуметтік желіде жариялаған отандық жас актриса қатаң сынға ұшырады. Әсем әнмен әрленген бейнежазбадағы Мадина Оспанованың киімі көпшілікке жақпай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Әсем көйлекпен жүрген актриса видеоның астына қызықты жазба қалдырған.

"Без палевная реклама "Daewoo nexia” в новом морском цвете. Нексия - кэнэктин пипл жаст вэри а ю рэйди",- деп жазған ол.

Алайда, Оспанованың оқырмандары көліктің жарнамасына мән бере қоймаған сыңайлы. Себебі, олардың көп бөлігі назарын бірден актрисаның киіміне аударыпты.

Желі оқырмандары Мадинаның киген көйлегін сынап, түрлі пікірлер де жазып қалдырған екен.

"Кеше ғана тым жақсы қыз едіңіз", "Алла сұлу етiп жаратқан сені, сөз жоқ! Саныңды жалтыратып, ашық-шашық киiнiп, Алланың аманатына қиянат жасама!", "Мен сені ондай қыз деп ойламаппын", "Санын көрсетіп, керек емес қалғаны", "Тым арықсың", "Жиіркенішті" деп жазған олар.

Видеоны тамашалағандар қатарында актрисаның сұлулығына тамсанып, оң бағасын бергендер де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797362-sanyn-krsetip-sndi-kjlekpen-zgirgen-otandyk-aktrisa-zrtty-asuyna-tidi-video/

pixel