Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өсу керек": Қайрат Нұртас әйгілі хит әнін түрік тілінде жаздырған

Опубликовано:

Қайрат Нұртас енді Түркия елін бағындыруға көшті. Хитмен "Алматының түндері-ай" әнін енді "Стамбұлдың түндеріне" алмастырған деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хитменнің айтуынша, ол әнді дайындап та қойған.

"Жақында "Алматының түндері-ай" деген әнді түрікше аударып жазып көрдік. "Алматының кэчелері" деп мысалға, "Стамбұлым" деп қойып... Түрікше нұсқасы шықты. Бірақ әлі таратқан жоқпыз. Ұстап отырмыз.
Түрік елі өзіме қатты ұнайды. Айтқым келіп тұрғаны - өсу керек қой. Шет мемлекетке барып, жақсы, мықты әншілермен, композиторлармен бірге жұмыс істеу керек. Құдай қаласа оған жұмыс істеудеміз. Аз ғана уақыт қалды", - деді Қайрат Нұртас.

Әншінің айтуынша, Дубайда өткізген жеке кешінен кейін оған түркиялық тыңдармандары шабыт сыйлаған.

"Дубайдағы кеш әдемі, әсерлі өтті. Қазақтар сағынып қалған. Қырғыздар, еуропалық ағайындар болды. Француздар болды. Бір-екі арабтар болды дегендей. Мен үшін Дубайдан бастаған мотивация болды. Ары қарай түркі елдеріне қорықпай бара беремін", - дейді хитмен.

Естеріңізге сала кетейік, әншінің Дубайда өткізген кеші жұрттың сынына ұшыраған болатын. Алайда жұлдыздың анасы ұлына теріс пікір жазған көпшілікті орнына қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797829-kajrat-nrtas-jgili-hit-nin-trik-tilinde-zazdyrmaksy/

pixel