Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әзілкеш әйелі мен ұлын перзентханадан дүркіретіп шығарып алды (фото, видео)

Опубликовано:

Жақында төртінші мәрте әке атанған Жанболат Найзабеков әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды. "Өнер қырандары" театрының актері үш қыздан кейін ұлды болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал әзілкештің қуанышына ет-жақындарымен қоса, бірқатар шоу-бизнес жұлдыздары да келген. Олардың арасында Ернар Айдар, Қайрат Әділгерей және "Заман тобының" әншілері де болған.

Жанболат Найзабеков ұлының атын Аңсар деп қойған. Көптен күткен ұл баланың алдында үш әпкесі бар.

Перзентханадан шығарып алуға келген көпшілік түсірген суреттері мен видеоларды Instagram желісінде бөліскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797835-tanymal-zilkes-jeli-men-lyn-perzenthanadan-drkiretip-sygaryp-aldy-foto-video/

pixel