Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінің көшірмесі": Ресейлік әйгілі әзілкеш алғаш рет ұлын көрсетті

Опубликовано:

Ресейлік танымал әзілкеш Павел Воля алғаш рет ұлының түрін көрсетті. Жұлдызды ата-ана бұл күнге дейін алты жасар Робертті ел назарынан тыс ұстаған деп жазады woman.ru сайтына сілтме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2012 жылы үйленген Павел Воля мен Ляйсан Утяшева отбасылық өмірді мүлде жасырын түрде ұстағанды жөн көреді. Бұл мәселенің балаларға да тікелей қатысы бар. Жұлдызды жұп перзенттерін бұған дейін қалың көпшілікке көрсетпей келіп, биыл ғана дәстүрлерін бұзбақ болған.

Балаларды қорғау күні Утяшева отбасылық демалыстан видео жүктеп, дүйім жұртқа Роберттің түрін көрсетті. Желі қолданушылар бір ауыздан бала әкесінің көшірмесі екенін жазды. Көпшілік Роберт Павелден айнымай қалғанын жеткізді.

Ерлі-зайыптылар алты жасар Роберт пен төрт жасар Софияны тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1797890-kesini-ksirmesi-resejlik-jgili-zilkes-algas-ret-lyn-krsetti/

pixel