Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдалыққа қоржын жинаған Динара Сұлтан елді сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

Динара Сұлтан үйінде қоржын жинап жатқан сәтін желіде жариялап, жұрттың ризашылығына бөленді. Желідегілер көпбалалы ананың салт-дәстүрлерге асқан құрметпен қарайтынына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

"Ақыл" шай кезіндегі аса ерекше сәтті Динара Сұлтан Instаgram парақшасына жүктеген. Бейнежазбадан бір топ келіншектердің әндетіп, қоржын жинап жатқанын аңғаруға болады.

"Біздің үйде жақында той, салт-дәстүріміз керемет қой. Ақыл шәй, тума-туыспен кездесіп, шәй ішіп, әндетіп, қоржын жинасып, шүберек, орамал, мата… кәмпит-сәмпит, алтын-күміс әшекейлерін бөліп, дайындаған сәтіміз. Жастар "Қоқыс жинап не істеп отырсыздар" дейді. Ол дұрыс па? Сіздің пікіріңіз" , - деп жазған әнші.

Видеоны тамашалаған желі қолданушылары эстрада жұлдызының қылығына сүйсініп, оған жылы лебіздерін білдірген.

"Өте дұрыс, керемет көрініс, үлгі. Салт -дәстүрді сақтау керек ,насихаттау керек" , " Керемет. Осынысымен қызық қой" , "Осының өзі қызықты ғой. Мен үшин күшті салт-дәстүр" , "Жарайсыз, нағыз келінсіз. Нағыз қазақи тәрбие алған қызсыз" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798312-jinde-korzyn-zinagan-dinara-sltan-eldi-sjsindirdi-video/

pixel