Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фанаттар Димашты "киіндірген" отандық дизайнердің масқарасын шығарды (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайбергеннің Муз-ТВ арнасының салтанатты кешіндегі образы жанкүйерлерге жақпай қалды. Бұл туралы танымал әншінің фанаттары желідегі жазбаларында бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұзылған ас ішіп отырғанымызды түсіну үшін міндетті түрде кәсіби аспаз болудың қажеті жоқ. Киім үлгілерін әзірлегенде де бірқатар ережелерді сақтау керек шығар. Дизайнердің жеке басына құрметпен қарай отыра, әзірлеген киім үлгілерінің Димашқа жараспайтынын жеткізгіміз келеді", - деп жазады әншінің фанаттары.

Олардың пайымынша, бұрын Димаш көптеген отандық дизайнерлермен байланыста болған. Тіпті, жарасымды киім үлгілері аз болмапты.

"Ал, дизайнерге (Құралай Нұрқаділоваға) сәттілік тілей отыра, алдағы уақытта мұндайға жол бермеуін өтінеміз", - деп жазған жанкүйерлері.

Сонымен бірге, фанаттар Димаштың Құралай тіккен киім үлгілері мен әншінің осыған дейін киген костюмдерін салыстыра кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798480-fanattar-dimasty-kiindirgen-otandyk-dizajnerdi-maskarasyn-sygardy-foto/

pixel