Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нанды қорлады": Ұнды шашып ойнаған Луина елдің ашуын тудырды (видео)

Опубликовано:

Отандық әнші Луина сүйіктісімен ұнды шашып ойнаймын деп ел қаһарына ұшырады. Желідегілер әншіні нанды қорлағаны үшін айыптап, кейбір адамдардың бір келі ұнға жете алмай жүргенін бетіне басты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:видеодан кадр/Youtube. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото:видеодан кадр/Youtube. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Көпшіліктің ашуын тудырған видео Instagram желісінде жарияланған.

Онда қос ғашық ойнап, бір-бірінің бетіне ұн шашады. Өздеріне аса қызық болып көрінген ойын желі қолданушыларына мүлде ұнамай қалған.

Ашуға булыққан көпшілік нанмен ойнаған ғашықтардың қылығын аяусыз сөгіп тастады. Олар әнші қызға ұнды рәсуа қылғаны үшін кері пікірлерді жаудырды.

"Нанды қорлады. Сол бір қалта ұнға жете алмай отырғандар қаншама" , "Ұнмен ойнаған ақымақтар", "Елімізде мисыздар көбейіп кетіпті" , "Нан ұсағын шашпаңдар. Жерде жатса, шашпаңдар. Теріп алып, қастерлеп. Торғайларға тастаңдар деген өлең бар ғой. Бір нанға зар болып қалмайық" , "Ойнайтын нәрсе тауыпты" , "Ұнды бекерге рәсуә қылды ғой" , "Ұнмен ойнап жатқаны несі?" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798742-nandy-korlady-ndy-sasyp-ojnagan-luina-el-asuyn-tudyrdy-video/

pixel