Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік "Голос" байқауының жұлдызы өз үйінде өлі күйінде табылды

Опубликовано:

9 маусым күні түнде ресейлік әнші Алексей Сафиулин көз жұмды. Ол екі жыл бұрын "Голос" байқауына қатысып, үлкен танымалдылыққа ие болған. Сол кезде Алексейдің өнерін әділ қазылар да жоғары бағалады деп хабарлайды СтарХит-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, Алексей 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні қайтыс болған.

Әртістің денесі пәтеріндегі ваннадан табылды. Әншінің бар болғаны 44 жаста қаза тапқаны айтылды.

Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Алексейдің жақындарының айтуынша, Алексей ваннада ұйықтап, тұншығып қалған.

Әншіні ақтық сапарға шығарып салу 13 маусым күні 10:30-да Петров паркіндегі Благовещения Пресвятой Богородицы шіркеуінде өтеді.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себептері тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799076-resejlik-golos-bajkauyny-zldyzy-z-jinde-li-kjinde-tabyldy/

pixel