Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Венера Қармысова қайтыс болды

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Венера Қармысова 2019 жылы 10 маусымда қайтыс болды. Әнші 83 жасында ауырып көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жасай бер қазақ видеосынан кадр
Жасай бер қазақ видеосынан кадр: Depositphotos

Әртіс 1936 жылы 22 мамырда Алматы қаласында танымал театр және кино актері Камал Қармысовтың жанұясында өмірге келді.

Венера Қармысова ҚазССР-дің еңбек сіңірген әртісі болып табылады.

Ол еңбек жолын ҚазССР-дің мемлекеттік хорында бастады.

Өнер иесі ұзақ жылдар Қаз ССР-дің Мемтелерадиосында әнші болып қызмет атқарды.

Венера Камалқызы атақты композиторлар Шәмші Қалдаяқов және Әсет Бейсеуовтың шығармаларынан көптеген композициялар орындады.

Ол 10 жыл Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде эстрада-вокал пәнінен дәріс оқыды.

Көптеген еліміздің әншілері Венера Қармысованың шәкірттері болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799309-nsi-venera-karmysova-kajtys-boldy/