Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын түсіне кірген Батырхан Шүкеновті еске алды (видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген жақында түсінде Батырхан Шүкеновті көргенін айтты. Әнішнің сөзінше, марқұм оны бір музыкалық сайысқа қатыстырып, өз репертуарындағы әнді айтқызған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZNUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZNUR.KZ: Instagram

Ерекше түсі туралы Айқынның өзі Instagram парақшасында айтып берген.

Өнер иесі өзінің сахнаға шығуына түрткі болған бірден бір тұлғаны түсінде көріп, риза болған.

"Жақында Батыр ағамды түсімде көрдім. Мені бір конкурсқа апарып, "Нелюбимая" әнін айтқызып жатыр екен. Негізі алғаш саxнаға шығуыма түрткі болған Батырxан ағамыз еді. SuperStar.kz жобасының іріктеу кезінде маған үлкен қолдауын көрсеткен болатын. Жатқан жеріңіз жайлы болсын ағатай" , - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799946-ajkyn-tsine-kirgen-batyrhan-skenovti-eske-aldy-video/

pixel