Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғануға болады": Аишаның енді сахнаға жалғыз шығатыны рас па?

Опубликовано:

Сахнадан әрдайым бірге көрініп, қол ұстасып жүретін ғашықтар Бүркіт пен Аиша елді күтпеген жаңалықпен қуантпақ. Нақтырақ айтсақ, жұлдызды жұп бұл жолы бейнебаяндарын бірге түсіріп жатқан жоқ. Себебі, эстрада жұлдыздарының келесі туындысында тек Аиша ғана бой көрсетеді. Бұл туралы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін
Фото: Видеодан кадр/ Айта берсін: Facebook

Түсірілім алаңында жүрген Бүркіттің жұбайы келесі клипі туралы баяндап берді.

"Бұл жеке әнім. Бірақ, ол мен ары қарай жалғыз ән айтады дегенді білдірмейді. Жай шығармашылығымызды түрлендіргіміз келді. Мен үшін жеке ән шығаруды шештік. Өте көңілді ән. Ән қазақша", - дейді Аиша.

Бір топ бүлдіршіндер қатысатын клипте Бүркіт пен Аишаның балаларын да көруге болады.

Ал Бүркіт болса келесі жолы ресейлік әншімен дуэт орындамақ.

"Жалғыз сахнаға шығу қиын шығар. Ал дауыс жазу қиын емес. Ән менің тембріме келеді. Ал Айбекте жақында ресейлік әнші Наташа Королевамен қызықты дуэт болады. Әрине, қызғануға болады. Бірақ, бұл жағдайда мені ештеңе алаңдатпайды. Бұл біз үшін тәжірибе ғой", - дейді Аиша.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800247-kyzganuga-bolady-brkitti-zbajy-endi-sahnaga-zalgyz-sygatyny-ras-pa/

pixel