Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала күнгі суретін жариялаған Әли Оқапов жұртты күлкіге қарық қылды (фото)

Опубликовано:

Әли Оқапов бала күнгі суретін жариялап, желі қолданушыларының көңілін көтерді. Фотодан әншіні танымай қалған көпішілк оған пікірлерін қарша жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов бала күнгі досын туған күнімен құттықтаймын деп желідегілерді ішек-сілесін қатырды.

Әнші Instagram парақшасында құттықтау тілегін жазып, досымен түскен ескі суретін жариялаған.

"Туған күніңмен досым. Неге Мара ағаның көзілдірігін киіп алғаныңды түсінбей тұрмын. Менің шаш үлгімді айтсаңшы. Мұны өзі шаш деп атауға да келмейтін сияқты. Бірақ, бұл маңызды емес. Барлық жақсылықты тілеймін. 22 жыл бойы келе жатқан достық үшін рахмет" , - деп жазды ол.

Желідегілер әншінің бала күнгі суретіне лүпілдерін басып, пікірлерін жаудырды.

"Мәссәған, қандай арық болғансың" , "Танымай қалдым сізді. Сері жігіт Әли осындай болған деп кім ойлаған" , "Күлкіден өлдім, жардыңдар" , "Күлкілісіңдер ғой" , "Ерінді айтсай", "Қандай сүйкімді балақай болғансың" , деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800285-bala-kngi-suretin-zarialagan-li-okapov-zrtty-klkige-karyk-kyldy-foto/

pixel