Төреғали Төреәлінің тағы бір әнінің плагиат болып шыққаны рас па? (видео)
Жарияланған күні:
Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды. Хитменнің жақында ғана жарыққа шығарған "Қымыз іштім" әні италиялық әншінің репертуарынан алынған болып шықты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төреғали Төреәлінің "Қымыз іштім" әніне ұқсас туындыны 2009 жылы италиялық танымал әнші Ингрид Альберини (ред: Ин-Грид) тыңдармандарына ұсынған.
Тіпті шетелдік әншінің бейнебаяны 4 миллионнан астам қаралым да жинаған.
Ал қазақстандық әншінің бұл әрекетіне өнердегі әріптестері пікір білдірді.
Әли Оқапов қазақстандықтардың өзге ел туындыларына заңсыз қол сұққанын құптамайтынын жеткізді.
"Олардан сатып алу", "құқықты алу" ол бір бөлек. Ол жағына ештеңе айта алмаймын. Шынымен де ресми түрде рұқсат алып орындаса, әлдеқайда заңды. Ал ешкімге айтпай, ескертпей, қазақшаға аудара салып, өз әнім деп хитке айналса - оның жауапкершігілігі дұрыс болу керек.
Мен үшін өнер дегеніміз біріншіден ол ізденімпаздық, ізденушілік. Яғни, жаңа бір нәрселерді іздеп табу. Ал сен дайын нәрсенің алып айта салсаң, қызық емес. Сондай-ақ ол халықты алдаумен тең деп есептеймін", - дейді Оқапов.
Танымал композитор Ринат Гайсиннің айтуынша, шет елдік әуенге қазақы колорит қосылса, ол қос қолдап қолдайды.
"Әрине, үлкен сұрақ! Шетелден әндер алып, сол қазақтың иісі болса, қазақтың ноталары болса, ол әрине жақсы болар еді", - деді Ринат Гайсин.
Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлінің осыдан бірнеше жыл бұрын шығарған "Төрешің" атты туындысы да шетелдік сазгердің еңбегі болып шыққан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800391-tregali-trelini-tagy-bir-ni-plagiat-bolyp-sykkany-ras-pa-video/