"Торғайдың ұясы": Жігер Ауыпбаевтың студент кезіндегі суреті елді күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев "Меломен" тобына енді кірген кезіндегі суретін жариялап, елді күлкіге қарық қылды. Көпшілік танымал әншінің шаш үлгісіне қатты таңғалып, оны қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Меломеннің" экс-әншісі желі қолданушыларына өзінің жастық шақтағы суретін көрсеткен.

Ол Instagram парақшасын жаңартып, бұрынғы фотосын жариялады. Алайда Ауыпбаевтың оқырмандары оны фотодан бірден тани қоймаған.

Олар шоу-бизнес серісінің студент кезіндегі түрін көптеген танымал жұлдыздарға ұқсатып үлгерді.

"Сонда бұл жігіт қай жылғы болғаны? Мұндай прическа қай заманда болған" , "Мегамозг. Масқара қалай көтеріп жүргенсің шашыңды?" , "Қалай күлмейсің мынаған?" , "Қандай сусабынмен жудың?" , "Брюс Ли Ауыпбаев", "Корейлік Ку Чун Пе" , "Хабибтің бас киімі сияқты" , "Аң патшасы арыстан ғо" прическа" , "Торғайдың ұясы сияқты" , "Мынадан кейін қалпақтың керегі не?" , "Укладканы өлтіріпті" , - деп жазуда желідгелір.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800470-torgajdy-asy-ziger-auypbaevty-student-kezindegi-sureti-eldi-klkige-karyk-kyldy/