Асылхан Төлеповтің елден жасырын ұстаған сұлу келіншегі туралы білесіз бе?
Опубликовано:
Актер әрі депутат Асылхан Төлеповтің жары әлеуметтік желідегі жеке парақшасын ашып, оқырмандарына жақындай түсті. Айсұлу Нарымбекқызы абысыны Мадина Төлеповадан қалыспайын деп Instagram желісінде барынша белсенділік танытып жүр. Бұған дейін жеке өмірін жасырын ұстап, ел назарына ілікпеуді жөн көрген танымал әртістің сүйіктісі қандай жазбалармен бөлісуде? Бұл сұрақтың жауабын KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.
Айсұлудың жеке парақшасын нағыз отбасылы әйелге тән деп айтуға толықтай негіз бар. Ол Instagram желісінде көбінесе жанұясының суреттерімен бөліскен.
Төлеповтің жары өтіп кеткен қыз ұзату мен үйлену тойындағы ел көрмеген фотоларды енді жүктеп жатыр.
Оған қоса, Айсұлу Нарымбекқызының парақшасынан оның тамақ пен тәттілерді әзірлеуді жаны сүйетінін аңғаруға болады.
Ол түрлі тағамдардың рецептерімен өз оқырмандарымен жиі бөлісіп тұрады.
Оған қоса, Айсұлу жолдасымен бірге өткізген демалыстарынан да суреттерді жариялаған.
Жұлдызды әулетке келін болып түскен Мадина мен Айсұлу өзара тату. Асылханның жары абысынымен түскен суреттерін де жүктеп тұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800500-asylhan-tlepovty-ajdaj-slu-zary-turaly-ne-bilemiz/