Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зағип баламен ән салған Нұржан Керменбаев көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Нұржан Керменбаевтың зағип жігітпен жанды дауыста ән орындаған сәті тарап кетті. Видео zhuldyzdy_news парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Керменбаев. Фото: "Қызық times" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Нұржан Керменбаев. Фото: "Қызық times" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Әнші Кенжебек есімді тыңдарманымен "Қызық times" бағдарламасында бірге өнер көрсеткен.

Қарағандылық жігіт отандық эстрададан Нұржан Керменбаевтың әндерін сүйіп тыңдайтынын жасырмай айтып берді.

"Нұржан Керменбаевтың әндерін сүйіп тыңдаймын. Менде екі альбомы да бар. Бұл ісіме үйдегілер куә. Осы кісіні бірінші рет жолықтырып отырмын. Қатты толқып тұрмын. Өте қуаныштымын", - деді Кенжебек есімді жігіт.

Ал видеоны көрген көпшілік Нұржан Керменбаев пен жас таланттың дуэтін ұнатып қалған.

"Өте керемет", "Дуэт жақсы шығыпты", "Жанды дауыс деп осы жігіттердікін айту керек", "Алла өзі жар болсын", "Жарайсың, Нұржан", "Аллахым өнерде де өмірде де бағыңды ашсын, нағыз талантты тауыпсыңдар жігіттер".

"Мына жігіттің көзі көретін болса бəрінен асып түсетін шығар, еңбекқорлығымен. Алла өміріме налынған болсам кешір" деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800622-zagip-balamen-n-salgan-nrzan-kermenbaev-kpsilikti-sjsintti-video/

pixel