Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азия" мен "Бақай" тобы өздерін сынға алған Иманбаеваға жауап қайтарды

Опубликовано:

"Азия" мен "Бақай" тобы "Атың өшкір кредит" әні үшін бірталай өнердегі әріптестерінен сын естіген. Бұл жолы олардың туындыларына қатысты ойын Айгүл Иманбаева да ашық түрде білдірген. Аталмыш әнді ауқатты той-томалақта айтуға келмейді деген эстрада жұлдызына "Опмай-опмай" хитын орындаушылардың жауабы дайын болған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сыни пікірлерге еті үйренген "Бақай" мен "Азия" әншілері шоу-бизнестегі әріптесінің сөзіне аса қатты мән бермейтінін жеткізді.

"Өнердегі әпкеміздің айтқанын естідік. Ол кісі аса қатты мән бермей-ақ қойсын, біз үшін қатты қиналмай-ақ қойсын. Уайымдамай-ақ қойсын. Өйткені, оны біз "Опмай" шыққаннан кейін, бірден «Азия» мен «Бақайдың» репертуарына екінші ән болып қосылып, сол әнге жұрт билеп, қайта-қайта айтқызып, жарты жыл болды айтып жүргенімізге" , - деді Ербол Шәріпов.
" Басында өздері айтады. Немене мынау, болмаған нәрсені, неше түрлі нәрсені әнге қосатын болғансыңдар деп. Енді сын бәрібір болады ғой. Біз доллар емеспіз ғой бәріне бірден ұнайтын да мысалға" , - деп толықтыра кетті ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800662-azia-men-bakaj-toby-zderin-synga-algan-imanbaevaga-zauap-kajtardy/

pixel