Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тұлға: Мұрат Құсайыновтың сотынан БАҚ өкілдерін шығарып жіберді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда Есіл аудандық сотында "Дос-Мұқасан" әншісі Мұрат Құсайыновтың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Адвокат ақтық шешімді ешкімге жарияламауды сұрап, сот отырысын БАҚ өкілдерінсіз өткізуді талап еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Құсайынов Фото: instagram.com/dos_mukasan_official
Мұрат Құсайынов Фото: instagram.com/dos_mukasan_official: Depositphotos

Қорғаушы "Дос-Мұқасан" солисі танымал тұлға болғандықтан өз беделін аса қатты қадірлейтінін алға тартқан. Оған қоса, адвокат әншінің денсаулығына сыр бергенін айтып, сотты жабық түрде өткізуді сұраған.

"Қылмыстық істі БАҚ өкілдері мен басқа өзге адамдардың қатысуынсыз, жабық түрде өткізулеріңізді сұраймын. Себебі, менің қорғауымдағы адам аса танымал тұлға. Ол өнер қайраткері, композитор, музыкант әрі "Дос-Мұқасан" ансамблінің көркемдік жетекшісі болғандықтан өз беделін аса қатты бағалайды.
Сонымен қатар, ол кісінің денсаулық жағдайын да ескеруіңізді сұраймын. Ол егде жаста, жүрегіне екі ота жасалған, қан қысымы жоғары. Бұл жағдай оған кері әсер тигізу мүмкін" , - деді қорғаушы.

Мұрат Құсайынов өз кезегінде, бұл оқиғаның онсызда халықтық деңгейге шығып кеткенін жеткізіп, бұл мәселені одан бетер дамытуға қауқарлы емес екенін түсіндірді.

Судья журналистерді залдан шығару жөніндегі шағымды қанағаттандырды. Алайда, ақтық шешім бәріьір де хабарланатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800676-tanymal-tlga-mrat-ksajynovty-sotynan-bak-kilderin-sygaryp-ziberdi/

pixel