Ғалымжан Молданазар екі ұлын бірден сүндетке отырғызды (фото)
Опубликовано:
Әнші Ғалымжан Молданазар екі баласын сүндетке отырғызғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл жайында өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Сүйінші! Бүгін ұлдарым сүндетке отырды", - деп жазды өнер иесі.
Молданазардың бұл қуанышына желі қолданушылары да ортақтасып, жарыса ақ тілектерін жаудырған.
"Құтты болсын", "Мұсылман атанулары құтты болсын", "Жігіт атанғандары құтты болсын", "Абыройлы азамат болып өссін ұлдарыңыз".
"Қандай тамаша жаңалық", "Періштелер нағыз азамат болсын! Алла ұзақ, мәнді де сәнді ғұмыр берсін" деп пікір білдірді желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше "Жігіттер" тобындағы Ердос Қанаев ұлын сүндетке отырғызған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800748-galymzan-moldanazar-eki-lyn-birden-sndetke-otyrgyzdy-foto/