Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мешітке бар" деді: Байзақованың жүктілігін ата-анасы қалай қабылдаған?

Опубликовано:

Отандық блогер Айжан Байзақова жүктілігін ата-анасы қалай қабылдағанын айтты. Бұл туралы ол "Salem Beauty" бағдарламасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байзақованың сөзінше, ол жүкті боламын деп ойламаған.

"Әрине, екіқабат екенімді білу мен үшін күтпеген жағдай болды. Сол уақытта мен қатты ішіп жүрдім. Бірақ, түсік жасату туралы ой менде емес, жақындарымда пайда болды. Олар "Қалай?", "Неге?" "Қалай баланы дүниеге әкелесің?" , "Тұрмысқа шыққан жоқсың, тым болмаса мешітке барып, некеңді қидыр" деп қысым көрсетті. Бірақ бала дүниеге келген соң ойлары өзгерді. Қазір менің баламды айналшықтап жүреді", - деді ол.

Сонымен қатар, желі арқылы танылған Байзақова балаларын жалғыз асырап отырған әйелдерге қолдау білдірді.

"Маған жігіттері тастап кетіп, түсік жасатқан көп қыздар жазды. Олар өмірден түңіліп жүрді. Бірақ, өмірге бала келген соң сен одан сайын ақша тапқың келіп тұрады. Сенде жауапкершілік, серпіліс пайда болады.
Қаласаң да, қаламасаң да барлығын сол үшін жасайсың. Жалпы жалғызбасты ана болмайды, сенің балаң болса сен жалғыз емессің. Сенің балаң-бақытың. Жақсы еркектер балаңмен де қабылдайды", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800909-mesitke-bar-dedi-bajzakovany-zktiligin-ata-anasy-kalaj-kabyldagan/

pixel