Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілің жағыңа жабысып тұрғандай": Вокал шебері Айқынды қатаң сынға алды

Опубликовано:

Отандық бағдарламада байқауға қатысқан Айқын Төлепбергенді вокалист Луиза Ахметқызы қатаң сынға алды деп жазады "Беу" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Айқын, Луиза Ахметқызы. Фото: Бағдарламадан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айқын, Луиза Ахметқызы. Фото: Бағдарламадан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бағдарлама барысында Айқын Төлепберген мен Жолдасбек Әбдиханов ән сайысына түскен.

Алайда қазылар алқасындағы Луиза Ахметқызы есімді вокалист Айқын Төлепбергеннің ән орындауын 3-ке бағалаған.

"Әрине, сенің жанды дауыста ән айтып тұрғаның құрметтеуге тұрарлық. Мен ондай әншілерді өте қатты сыйлаймын. Себебі, бұл үлкен еңбек. Сенің орындауыңдағы мына әнге бес қояр едім.

Алайда, ренжіме. Техникалық жағына үңілсек, үш деген баға беремін.

Себебі, әншінің дауысымен қатар, жағы, жалпы денесі түгел жұмыс істеуі керек. Ал сенде жоғарғы дыбысты ноталар кеудеңнен қысылып шығып, тілің жағыңа жабысып тұрғандай күйде орындадың.

Негізі дауысыңның тембры өте ерекше. Орындау шеберлігің де жақсы. Мен сені әнші ретінде қатты құрметтеймін. Сондықтан дауысыңды күнде жаттықтырып отыр дегім келеді. Осыған мән беріңіз", -  дейді Луиза Ахметқызы .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800930-ajkyndy-vokal-mgalimi-kata-synga-aldy/

pixel