Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынбек Қоразбаев істі болған Мұрат Құсайынов туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Алтынбек Қоразбаев жақында ғана істі болған "Дос-Мұқасан" солисіне қатысты пікір білдірді. Композитор 50 жылдан бері танитын әріптесі Мұрат Құсайыновтың әрекетін қолдамайтынын жеткізді деп хабарлайды "31" арна.

Мұрат Құсайынов, Алтынбек Қоразбаев. Фото: Әншінің жеке парақшасы, Qazaq Concert. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Мұрат Құсайынов, Алтынбек Қоразбаев. Фото: Әншінің жеке парақшасы, Qazaq Concert. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алтынбек Қоразбаевтың айтуынша, елге еңбегі сіңген өзі қатарлас әріптестерін әр жерде қызметкерлердің танымай қалуы жиі кездеседі. 

"Мен шәкірттеріме, әріптестері үнемі айтып отырамын. "Жұлдыз" ауруынан абайлаңдар деп отырамын. Мұраттың жұлдыз екені өтірік емес, жасыратын ештеңесі жоқ.
Ол аңызға айналған адам. Тек Мұрат қана емес, бүкіл "Дос-Мұқасан" тобы жұлдызға айналған", - дейді Алтынбек Қоразбаев.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында БАҚ беттерінде аты аңызға айналған "Дос Мұқасан" тобы әншісінің елордалық әуежайдың қызметкерін ұрып жібергені туралы ақпарат тараған еді.

Кейін Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Сот отырысы жабық өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800932-altynbek-korazbaev-isti-bolgan-mrat-ksajynov-turaly-pikir-bildirdi/

pixel