Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыт қасымызда": Минск әуежайында Димашты қалай қарсы алды (фото, видео)

Опубликовано:

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген екінші Еуропалық ойындардың ашылу рәсіміне қатысу үшін Белоруссия астанасына ұшып келді. Өнер иесінің фан-клубы Instagram-парақшасында көптен күткен кездесудің суреттерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншінің тыңдармандары Димаш Құдайберген гүл шоқтарын ұсынып, таңданыспен ұзақ қарады.

Жанкүйерлер қазақстандық әншіге деген арнайы дайындаған сыйлықтарын да берді.

Олар әртістің шығармашылығына үлкен табыс тілеп, естелікке суретке түсті.

"Бұл расыменде жылы кездесу болды... Бақыт қасымызда! Бұл кездесу мәңгі жүрегімде қалады", - деді әуежайға келген тыңдарманның бірі.

Желі қолданушылары Димаштың жанкүйерлерінің күш-жігерін жоғары бағалап, Қазақстаннан жалынды сәлем жолдады.

Оқырмандар "Жарайсыздар", "Димашты құрметтеп жатқан Минск тұрғындарына рақмет", "Димаштың жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінде бар екендігіне тағы бір рет көзіміз жетті", Димаш - жарайсың", "Әлемді мойындатқан әнші екендігі көрініп тұр" деген сынды пікірлер қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800947-bakyt-kasymyzda-minsk-uezajynda-dimasty-kalaj-karsy-aldy-foto-video/

pixel