Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев жарының қандай қасиетіне ғашық екенін айтты

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев жарының бойындағы қай қасиетіне ғашық екенін жасырмай айтты. Эстрада жұлдызы келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтап, отбасылық өміріндегі тың мәліметтермен бөлісті деп жазады "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Әнші жұбайымен қалай ұрсысатынын айтып, 15 жылда қарым-қатынастарында қандай өзгеріс орын алғанын жеткізді.

"Біріншіден, сабырлығы мен ақылдылығы ұнайтын шығар. Үйленгенімізге 15 жыл болды. Бұл уақытта құдайға шүкір, бірге келе жатырмыз. Ыстық-суығын осы мемлекетпен, халықпен бірге жақсылығын бәрін көріп келе жатырмыз. 15 жылда отбасылық достарды таптық. Бала-шағамыз араласады.
15 жылда біздің бір-бірімізді сыйлау қабілетіміз де өсті деп ойлаймын. Ұрысуымыздың өзі өзгерді. Басқа деңгейге өттік. Баяғыдай шат-пұт, төңкеріп салып, ертең бет көрмейтіндей ұрысып қалу болған емес. Қазір келіспеушілікті сабырмен шешетін болдық" , - деп ағынан жарылды Бесбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1801199-mejrambek-besbaev-zaryny-kandaj-kasietine-gasyk-ekenin-ajtty/

pixel