Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Любовь напоказ" телехикаясының актерлері жайлы қызықты ақпараттарды білесіз бе?

Опубликовано:

Осы жазда шыққан ең танымал, жеңіл әрі мағыналы комедиялардың бірі - "Любовь напоказ". Бір өзінде Түркияның ең үздік актерлерін топтастырған телехикая бір-бірін мүлде танымайтын адамдардың отбасылық өмірінен сыр шертеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: vk.com
Фото: vk.com: UGC

"Любовь напоказ" телехикаясының желісі

Айше мен Керем тағдырдың тоғысуымен бір-бірін жолықтырып, бір көргеннен бір-біріне іші жылымайды. Айше жастайынан әкесінен айырылып, екі бауырына аманатқа қалдырылды. Бауырлары батыл да бірбеткей қызды үйлендіріп, бағын ашпақ болады. Бойжеткен тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген кезде сүйіктісінің жан құрбысымен көңіл жарастырып жүргенін біліп қояды. Дәл осы сәтте Айше Түркияның қыздарына арман болған Керем есімді серіні кезіктіреді. Ару бауырларының қыспағынан құтылу үшін жігітті бопсалап, өзіне үйлендіріп алады. Осы сәттен бастап ерлі-зайыптылар бірге тұруға мәжбүр болып, қызығы мен шыжығы мол күндерді бастан өткеретін болады.

"Любовь напоказ" телехикаясының басты кейіпкерлер

Чағлар Эртұғрұл

Чағлар Эртұғрұл 1987 жылы Измирде дүниеге келген. Оның анасы дәрігер, ал әкесі инжинер болып қызмет етті. Мектептен кейін Стамбұлға ат басын бұрып, инженер-механик мамандығы бойынша машина жасау факультетіне түседі.

Жас жігіт өзінің сәқойлық келбетімен көпшіліктің көзіне түсіп, театрлық қойылымдарға шақырту ала бастайды. Ал бір жыл өткен соң түрік телевизиясындағы жарнамалық роликтерде бой көрсетті.

2012 жылы ол Альпер Чағлардың "Гора" фильміне, кейіннен, 2016 жылы "Гора-2" фильміне түсіп, телекөрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

2017 жылы "Госпожа Фазилет и ее дочери" телехикаясы актерге үлкен танымалдық әкелді. Ал 2019 жылы Чағлар "Любовь напоказ" хикаясында басты рөлді сомдады. Желі бойынша актер қыздардың араманына айналған сері жігіттің рөлін ойнайды. Ол телехикаяда белгігі бір себептермен Айше есімді сылқымға үйленуге мәжбүр болады.

Бурджу Өзберк

Бурджу Өзберк 1989 жылы Ескішехир қаласында туған. Актриса Түркиядағы ең танымал "Великолепный век" телехикаясына түсіп, жолы болды. Себебі дәл осы хикаядан кейін барлық сыншылар мен көрермендердің көзіне түсті.

Камера алдындағы қорқыныш Бурджудың бойынан мүлде сезілмеген. Оның сөзінше, бойжеткен камера алдында ойнап тұрғанын тіпті ұмытып кетеді екен. Актриса қарапайым отбасында дүниеге келген. Өзберк бала күнінен музыкаға жақын болып өскен.

Танымал "Великолепный век" телехикаясынан кейін актрисаға түрлі ұсыныстар түсе бастады.

2015 жылдан бастап Бурджу бірнеше жобаға қатысып, бүгінгі таңға дейін түрлі хикаялар мен фильмдерге түсуді жалғастырып жүр.

2016 жылы "Дочери Гюнеш" телехикаясында басвты рөлдердің бірін сомдап, тағы бір рет көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ, сол жылы "Замечательный зять" телехикаясына шақырту алып, 2017 жылы "Миндальная сладость" телехикаясында басты рөлді сомдап шықты.

2019 жылы актриса "Любовь напоказ" комедиясына шақырту алып, басты рөлді сомдауға білек сыбана кірісті. Желі бойынша Айше айтқанынан қайтпайтын, батыл, өжет қыз. Алайда бауырларының қыспағына қалған ару еріксіз өзі сүймейтін серіге тұрмысқа шығады. Телехикая бір-бірін мүлде танымай үйленген жандардың жұбайлық өмірінен сыр шертетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1801727-lubov-napokaz-telehikaasyny-akterleri-zajly-kyzykty-akparattardy-bilesiz-be/

pixel