Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жіпсіз байландым": Жігер Ауыпбаев әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Опубликовано:

Осы уақытқа дейін жанұясы туралы жақ ашпаған Жігер Ауыпбаев тоғыз жыл бұрын шаңырақ көтергенін айтты. Жұбайын жұрттан жасырған әнші бұл жолы әйелін жақсы қасиеттерін тізіп берді деп жазады "Өнер мен өмір" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Халық алдында жүрген әншінің жары енесімен тату-тәтті күн кешеді екен.

"Келін қайын ененің топырағынан" дейді ғой. Екеуі жақсы сөйлеседі, бір-біріне сөз жуытпайды. Қарайсың да, сүйсінесің. Бірінші күннен бастап бір-бірін жақсы түсініп, сіңісіп кетті", - дейді Ауыпбаев.

Сонымен қатар, сахна серісі өзін жарналамауды ұнатпайтын жұбайы қолынан келмейтіні жоқ екенін айтады.

"Той-томалақтарға бірге барамыз. Той-томалақтарға барғанда "сіздің әйеліңіз бар екен деп ойлап қалмасыншы. Әзірге қажет емес шығар" дейді. Мен өзім анау-мынау қызға қарамаушы едім, сол қызға байландым да қалдым. Басымды немен айналдырып алғанын білмеймін. Ата-анасына деген құрметіне қызықтым, саяжайда жақсы жұмыс істейді. Қолынан келмейтіні жоқ. Бірақ, әйтеуір қалай байлағанын білмеймін, жіпсіз байланып қалдық қой.
"Наполеон" мен "Красный бархат"сияқты дәмділерді пісіруді үйреніп алды. Өзі тортпен айналысады. Кішкентай балаларға арналған тортты жақсы істейді. Киноға, тойға және мейрамханаларға барамыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802145-zipsiz-bajlandym-ziger-auypbaev-jelin-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/

pixel