Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш жеке кешінде Денис Теннің аруағына арнап ән шырқады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында Димаш Құдайбергеннің "Арнау" атты жеке концерті өтті. Әншінің мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің аруағына арнап шырқаған әні - кештің жан тебірентерлік сәттерінің бірі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

KAZ.NUR.KZ

Димаш досы Дениспен бірге дуэт айтқысы келгенін, алайда "жоспардың өзгергенін" айтты.

"Денис – мемлекетіміздің ең жарқын тұрғыны, жарық жұлдыз. Оның бейнесі мәңгі біздің жүрегімізде қалады", - деді әнші.

Димаш Денистің құрметіне S.O.S. D'un terrien en detresse француз әнін орындаған кезде жанып тұрған шардың ішінде тұрды. Ал шар сахнадан бірнеше метр биіктікте қалықтап тұрды.

"Мен неліктен өмір сүремін, неден өлемін? Неліктен күлемін, неліктен жылаймын? Міне, көмекке зәру жанның зары. Бұл жалғанда менің тіреуім жоқ, құс болғым келеді. Адамның кейпі маған жат", - делінген өлең жолдарында.
Димаш жеке кешінде Денис Теннің аруағына арнап ән шырқады

Дәл осы сәтте сахнадағы экранда Денис Теннің мұз айдынында өнер көрсеткен сәттері бейнеленіп тұрды.

Димаш жеке кешінде Денис Теннің аруағына арнап ән шырқады

Димаш Денистің ата-анасына алғысын білдіріп, оларға қызыл раушан гүлдерін жіберді. Олар концертке арнайы келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802290-dimas-zeke-kesinde-denis-tenni-aruagyna-arnap-n-syrkady/

pixel