Кореяның әйгілі жұлдыздары Сон Джун Ки мен Сон Хе Ге ажыраспақ
Жарияланған күні:
2017 жылы 31 қазанда шаңырақ көтерген Кореяның танымал жұлдызды жұбы Сон Джун Ки мен Сон Хе Ге ажыраспақ. Бұл туралы vsedoramy.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
27 маусым күні таңертең Сон Джун Кидің ресми өкілі, адвокат Пак Чжэ Хен мәлімдеме жасаған.
"26 маусым күні Сон Джун Ки мырзаның атынан біздің заң фирма Сеулдің отбасылық істер жөніндегі сотына арыз тастады. Одан бөлек, біз Сон Джун Ки мырзаның ресми мәлімдемесін назарларыңызға ұсынбақпыз", - деп жазды ол.
Ал Сон Джун Ки өз мәлімдемесінде табынушыларынан кешірім сұраған.
"Сәлем. Бұл Сон Джун Ки. Мені жақсы көріп, мен үшін алаңдайтын табынушыларыма мұндай жағымсыз жаңалық жеткізетініме өкініштімін. Бірақ, мен Сон Хе Гемен ажырасу процессін бастап кеттім. Бір-бірімізді сынағанша, ажырасу процесі даусыз аяқталады деп сенемін. Мен сіздерге жеке өмірім жайлы айту қиын екенін жеткізгім келеді. Бұл жарадан айығып, сіздерді жақсы рөлдермен қуанту үшін барымды саламын. Рахмет", - деген ол.
Бұл жаңалыққа қатысты Сон Хе Генің United Artist Agency агенттігі де пікір білдірді.
"Мінездегі айырмашылықтарға сәйкес, Сон Джун Ки мен Сон Хе Ге ажырасуға бел буды. Басқасы- актерлердің жеке өмірі", - деді ресми өкіл.
Айта кетейік, Сон Джун Ки мен Сон Хе Генің махаббат романы "Күн ұрпақтары" дорамасында басты рөлдерді сомдаған сәттен бастау алған. Олар екі жыл бұрын отау құрған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802375-koreany-jgili-zldyzdary-son-dzun-ki-men-son-he-ge-azyraspak/