Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анаммен тұрады": Димаш Құдайберген болашақ жары туралы сыр шертті

Опубликовано:

Димаш Құдайберген Qazaqstan телеарнасына ауқымды сұхбат беріп, оның барысында болашақ жары туралы айтып берді. Жұмыс бабымен шетелге жиі шығатын әнші жігіт кейін жарын өзімен бірге алып жүрмейтінін ашық айтты. Ол өзі қай елге бармасын, әйелі міндетті түрде ата-анасының қасында болу керек екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Ғажайып даусымен күллі әлемге қазақ атын танытып жүрген талант аңсаған арманы жайлы сыр шертті.

"Мен қай елде жүрмейін, менің болашақтағы жарым міндетті түрде ата-әжесінің, ата-анамның қасында жүреді. Сол кісілердің қасында тұрады. Бөлек тұру деген, қызғанамын мен. Үйдегі үлкен кісілерді артымдағы Мансұрға беріп қоймаймын. Ата-әжемді де, ата-анамды да қызғанамын, бермеймін. Мансұр өссін.
Менің кіші кезден бергі арманым барлық бауырларымыз, ағайындарымыз, ата-әжелеріміз, үйдің үлкендері. Үйдің үлкені бар - қазыналы үй деп айтады ғой. Мен өз қазынамнан айырылғым келмейді. Бірақ, ініме де тілекшімін. Оған да бергім келеді. Сол себепті, ініммен бірге, бауырларыммен бірге бір үлкен ошақ басында ұзақ ғұмыр кешсек қой деп армандаймын" , - деп айтты Димаш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802598-ata-anammen-trady-dimas-kdajbergen-bolasak-zary-turaly-syr-sertti/

pixel