Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басынан тептім": Нұрлан Еспанов Абай Бегейді қалай ұрғанын жайып салды (видео)

Опубликовано:

Желіде Нұрлан Еспановтың өнердегі досы Абай Бегейді соққыға жыққанын айтып жатқан видеосы тарап кетті. Әнші шоу-бизнестегі әріптесін қалай ұрғанын егжейлі-тегжейлі түсіндіріп жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Аталмыш бейнежазбаны Абай Бегейдің өзі Instagram парақшасына жүктеп қойған. Видеода Еспанов қасындағыларға отандық жұлдызды қалайша соққанын мақтанып айтып жатқаны көрініс тапты.

"Абайды былай қысып тұрмын. Бүйрегінен екі рет салдым да, қысып қалдым. Абай "Ойбай, Нұреке" деп жатты. Шыға алмайды ғой ешкім. Былай тептім басынан.Соққылар Абайдың бетіне тиіп жатыр ғой" , - деді Еспанов.

Желі қолданушылары досын ұрғанын мақтан тұтып айтқан әншіні сынап тастады.

"Мақтаншақ осы кісі енді тым" , "Жақсы болыпты досын ұрғанына мақтанып" , "Керісінше болған сияқты" , "Әңгімені жібереді осы кісі" , "Өтірік айтып тұрғаны" , "Мақтанып тұр ғой соған да" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802640-basynan-teptim-nrlan-espanov-abaj-begejdi-kalaj-rganyn-zajyp-saldy-video/

pixel