Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ой мінезі нашар": Бағлан Әбдірайымов мың сылтау айтып, ажырасатын азаматтарға шүйлікті

Опубликовано:

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram парақшасында баласымен түскен суретін жариялап, отбасы туралы ойымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі өз жазбасында қоғамда белең алған ажырасу мәселесін көтерген.

Әбдірайымовтың сөзінше, бүгінде ажырасу туралы шешімнің басым бөлігін ер азаматтар қабылдайды екен.

Әнші әйелінің кемшіл тұстарын сылтау етіп, ажырасуға бел буатын ер адамдардың жауапкершіліктен қашатыны көңілге кірбің түсіретінін айтады.

"Отбасы болған соң кедергілер мен түсініспеукшіліктің болуы заңдылық. Осы орайды еркектің бірінші сынып, жауапкершіліктен қашатыны қынжылтады.
Ажырасудың басым бөлігін еркектер қабылдайды. "Ой мінезі нашар, сөзім өтпеді, шешеме сөз қайтарды, туыстарымды дұрыс күтпеді" деп мың сылтау айтып шыға келеді.
Өзін еркекпін деп жүріп, ез болғанын аңғармай, жалған көкірек көрсететіні де бар. Бір ағам "Нормальный еркектен қатын ешқашан кетпейді" деп көше тілімен айтқаны бар еді. Сөзінің жаны бар. Сондықтан бауырлар біз мықты болайық. Отан от басыдан басталса, отағасы біз!", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1802808-oj-minezi-nasar-baglan-bdirajymov-syltau-izdep-azyrasatyn-er-adamdarga-sjlikti/

pixel