Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоққа түскендей": Тойда екі аяғын аспанға көтеріп билеген азамат ұятқа қалды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде тойда билеген тағы бір азаматтың видеосы тарап кетті. Қасындағы келіншекпен бірге секіре билеген ол, тіпті, аяғын аспанға көтеріп, жерде қолымен жүрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Жұрттың ызасын тудырған видеода жұрт ортасына шыққан ер азамат пен әйелдің бар күштерін салып билегенін аңғаруға болады.

Өзін-өзі ұстай алмаған жігіт аяғын аспанға шығарып, жерде қолымен билеп кеткен. Ал оның сальтосын қайталамақ болған келіншек өз мүмкіндігін сезініп, тоқтап қалды. Артынша екеуі де қалыпты билерін жалғастырып кеткен.

Желіде тараған бейнежазба көпшіліктің пікірінсіз қалған жоқ.

"Ана қыз немене тоққа түскендей", "Басын оқтаумен бір қойса ғой", "Ұят-ай", "Бұл би емес қой", "Сұмдық", "Гимнастика қылып жіберген", "Масқара ғой", "Не қуып жүр" деп жазған олар.

Айта кетейік, күні кеше тойда жұлқынып билеген асаба жұртқа жақпай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803028-tokka-tskendej-tojda-eki-aagyn-aspanga-kterip-bilegen-azamat-atka-kaldy/

pixel