Бокспен айналысқан Қайрат Нұртастың тұңғышы елді таң қалдырды
Опубликовано:
Қазақ сахнасының майталманы Қайрат Нұртастың қызы бокспен айналысып жүр. Бұл туралы әншінің жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова өз Instagram парақшасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыздың сөзінше, бұл қызының өзін-өзі қорғауына септігін тигізеді.
"Өзін-өзі қорғауға дайындық. Жалпы қыз-баланы қандай дайындық курстарға беруге болады екен? Біздің қыздарымыз өз қалауларымен 3-4 ай бокс үйірмесіне барды. Аз уақыт қатысқанымен нәтижесі жаман емес сияқты. Бірақ, қыз бала нәзік болып қалғанына не жетсін, осыны да ескерген дұрыс деп ойлаймын. Бір жағынан "сақтықта қорлық жоқ!" деп те ойлайсың",- деп жазған ол.
Актриса басқа ата-аналардың қыздары қандай курстарға баратынын да сұрады. Оқырмандар оған барынша шынайы жауап беріп, өз кеңестерімен бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803088-bokspen-ajnalyskan-kajrat-nrtasty-tgysy-eldi-ta-kaldyrdy-video/