Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсенов тойда биді жандырды (видео)

Опубликовано:

Тойда бірге билеген Мақпал Жүнісова мен Арман Дүйсенов жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Қуанышты кештегі әсем бидің видеосын сазгер өз Instagram парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram
Фото: Видеодан кадр/ Instagram: Twitter

Дүйсенов жазбасын "Аяулы Мақпал апайым екеуіміз кездессек болды, осы" деген сөздермен толықтырған.

Ал бұл бейнежазбаны көрген көпшілік әнші мен сазгерге ақ тілектерін жаудырған.

"Керемет, тамаша", "Әрдайым осылай көңілді жүріңіздер", "Өте жарасымды", "Мақпал апайдың жүрген жері той-думан ғой", "Апамыз жүз жасасын", "Биді қатырады екенсіз", "Екеуіңіз де керемет билейсіздер" деп жазған олар.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тойда аяғын аспанға көтеріп билеген азамат пен жұлқынып билеген асаба жұртқа жақпай қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803094-makpal-znisova-men-arman-djsenov-tojda-bidi-zandyrdy-video/

pixel