Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауырып қалған сияқты": Бояусыз ән айтқан Луинаны жұрт танымай қалды (видео)

Опубликовано:

Әнші Луина әлеуметтік желідегі парақшасына ән айтқан видеосын жариялап, тыңдармандарының пікірін сұрады. Алайда, өнер жұлдызының орындауына оң баға берген жұрт оның бояусыз келбетіне таңғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әншінің instagram парақшасы мен видеодан кадр. Коллаж KAZ.NUR.KZ
Фото: Әншінің instagram парақшасы мен видеодан кадр. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Сахнада тек жарқырап жүретін Луина бұл жолы табиғи түрімен видео түсірген. Ол бейнежазбаның басында "Мен ән салайын, сіздер ұнай ма, жоқ па айтыңыздар" деп айтады.

Шетелдің әнін нақышын келтіре орындаған әнші көптің көңілінен шықты. Дегенмен, тыңдармандардың арасында әншінің сырт келбетін сөз еткендер де табылды. Олардың бірі әншіні бояусыз да сұлу деп есептесе, екіншілері Луинаны танымай қалғанын айтқан.

"Бозарып кетіпсің, ауырып қалған сияқты. Көзіңді міндетті түрде бояу керек", "Бояусыз қарапайым екенсіз, осылай жүріңіз", "Боянбасаңыз мүлде сұлу екенсіз", "Оның табиғи сұлулығы да бар екен", "Бояусыз танымай қаласың", "Боянбаса да әдемі екен ғой" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803105-auyryp-kalgan-siakty-boausyz-n-ajtkan-luinany-zrt-tanymaj-kaldy-video/

pixel