Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бота Нұрсейітоваға белгісіз жан 1001 раушан гүлін сыйлады (фото, видео)

Опубликовано:

Instagram жұлдызы Бота Нұрсейітоваға белгісіз біреу 1001 раушан гүлін сыйлады. Гүл шоқтарының астында қалған жалғызбасты ана үшін бұл күтпеген тосын сый болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бота Нұрсейітова өзіне әлдекімнің 1001 раушан гүлін сыйлағанын Instagram парақшасында хабардар етті.

Екі баланың анасы үйіне гүл шоқтарын бірінен кейін бірін кіргізіп жатқан сәтінен видео мен 1001 раушан гүлімен түскен суреттерін желіде жария етті.

Күтпеген тосын сыйға жалғызбасты анамен қоса, оның оқырмандары да қатты таңғалды.

Көпшілік таңданысын жасыра алмай, Ботаны сұрақтың астында алды. Оларды мұндай тосынсыйды кімнің жасағаны қызықтырған.

Желідегілердің арасында Нұрсейітованың жауабын күтпей-ақ өздігінен болжам жасағандар да табылды. Олар 1001 раушан гүлін жалғызбасты анаға бұрынғы күйеуі сыйлады деп есептеген.

Алайда, кейбір оқырмандары Ботаның өмірінде жаңа адам пайда болды деп болжаған.

Осы орайда Goodhouse.kz басылымы Бота Нұрсейітованың өзіне хабарласып, сансыз гүл шоқтарының кімнің сыйлағынын білмек болған.

"Бұл адам әзірге мен үшін де жұмбақ болып қалуда. Барлығын жария еткім келмейді және ол адам да барлығы құпия болғанын қалайтындай" , - дейді Нұрсейітова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803264-bota-nrsejitovaga-belgisiz-bireu-1001-rausan-glin-syjlady-video/

pixel