АҚШ азаматшасы Димаш үшін Қазақстанға көшіп келген (видео)
Опубликовано:
Димаш Құдайбергеннің шетелдік табынушылары оған неғұрлым жақын болу үшін әншінің соңынан еріп, әлем шарлауға да әзір екенін дәлелдеп жатыр. Қазақ баласының ғажайып даусына ғашық болған тыңдармандар ол үшін тіпті тұрғылықты жерінен Қазақстанға қоныс аударуға дайын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаштың шетелдік табынушылары әнші үшін Қазақстанға көшіп жатыр. АҚШ азаматшасы Аня Кахл оған дәлел болмақ.
Әйел адам қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатыр. Ол жергілікті балақалайларды ағылшын тіліне үйретіп, өзі болса қазақ тілін меңгеріп жүр.
Аня Кахл, туыстары бұны ессіз әрекет деп есептейтінін жасырмайды.
Ол Димаш Құдайбергеннің барлық концерттерінде болған. Ал Мәскеуде өткен мәңгі есте қаларлық ән кешінен кейін әншінің туған жерінде тұрып, қазақ тілін үйренуге бел буған.
Нәтижесінде Аня Кахл бүгінде елордалық бүлдіршіндерге ағылшын тілінен сабақ беріп жүр. Әйел адам Қазақстанда қалуды жоспарлап отыр.
АҚШ азаматшасы Қазақстан Еуропаға ұқсас екенін айтып, кең байтақ қазақ даласының табиғатына тәнті болғанын жеткізді.
Танымал әншінің шығармашылығына деген махаббат бір топ жанкүйерлерді оның туып өскен қаласы Ақтөбеге әкелген.
Малайзиялық отбасы да Қазақстанға Димаштың өнеріне ғашық болғандықтан ат басын бұрған. Әншінің отанына баруды арман еткен оларды мыңдаған шақырым мен бір адам басына шаққандағы төрт мың доллар көлеміндегі шығын да тоқтатпаған.
Бір топ туристер Димаш тәлім алған №32 мектеп-гимназиясында болып қайтқан. Олар әншінің бала кезіндегі журналы мен мектептегі суреттерін көріп, көздеріне жас алған.
Димаштың табынушыларын оған қатысты әрбір нәрсе қызықтырады. Олар денелеріне Қазақстан туын салып, шашын көк түске бояп жатыр.
Сондай-ақ, АҚШ, Малайзия Франция, Ұлыбритания мен басқа да елден келген 20 адам Димаш оқыған музыкалық колледжге арнайы барып, оның ұстазы Марат Әйтімовпен танысып қайтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803279-aks-azamatsasy-dimas-sin-kazakstanga-ksip-kelgen-video/