Тойда Заттыбекпен мың бұрала билеген Әуелбековаға жұрт сүйсінді (видео)
Опубликовано:
Тойда Заттыбектің әніне әншінің өзімен бірге би билеген Мөлдір Әуелбекова желідегілер сүйсінді. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасына тойда көңіл көтеріп, билеген видеосымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен тойда түсірілген видеосын жариялады.
"Заттыбек ағасыз той өтпейді Менің биімді сағынған шығарсыздар...", - деп жазба қалдырды жұлдыз.
Әдемі көйлекте мың бұрала билеген Әуелбекова оқырмандарын сүйсіндірді.
"Сізге алла жар болсын ! Үлгі алаларлық жансыз. Сіздің тәрбиеңіз, өз өзіңізді ұстауыңыз, қарапайымдылығыңыз маған қатты ұнайды", "Мөлдір жастық шақты бағалай біл. Керемет әдемісің, бәрі өзіңе жарасып тұр", - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803736-tojda-zattybekpen-my-brala-bilegen-uelbekova-zrt-sjsindi-video/