Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынай Жорабаева тұңғышының грантқа түскенін айтып мақтанды

Опубликовано:

Алтынай Жорабаев биыл мектеп бітірген қызының жоғары оқу орнына грантқа түскенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзінің қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен.

"Аллаға мың, миллион шүкірлер! Алақай, Аяулымым Қазақ ұлттық өнер университетінің "Арт - менеджмент" мамандығына оқуға түсті. Сағат тура 00:00 - де емтиxанның нәтижесін топтарының чатына салды. Алтыным! Балапаным! Мақтанышым ! Құттықтаймын, құлыншағым!", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Ал желі қолданушылары жұлдыздың қызына ізгі тілектерін жолдаған.

"Құтты болсын", "Қызыңыз жарады", "Анасының үмітін ақтады", "Қуанышыңызға ортақпыз", "Мамандығының биік шыңына жеткен маман иесі болсын" деп жазды желідегілер.

Сондай-ақ пікір қалдырушылар арасында теріс пікір білдіргендер де табылған. Олар ЖОО грантқа түсу үшін әлі құжат тапсырмағанын айтуда.

"Әлі құжат тапсырмадық", "Грантқа әлі құжат қабылдау басталған жоқ қой", "Сіздердің қыздарыңыз грантқа түспесе ұят шығар" деп жазған олар.

Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаеваның тұңғышы биылғы жылы мектеп қабырғасын аяқтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804089-altynaj-zorabaeva-tgysyny-okuga-grantka-tskenin-ajtyp-maktandy/

pixel