Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақы нақышта киінген Гүлзира Айдарбековаға ел сүйсінді (фото)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова қазақтың ұлттық киімін киіп көпшілікті тәнті етті. Отандық танымал продюсер қазақи нақыштағы образын Instagram парақшасында паш етіп, желі қолданушылардың ыстық ықыласына бөленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың анасы жолда келе жатып, ұлттық киімдерді көре сала қатты қызығып кеткен. Айдарбекова ол үшін тіпті көлікті тоқтатып, Көкшетау тауларының бөктерінде қазақ көйлекпен суретке түсуді жөн көріпті.

Жаңа суреттерімен продюсер желі қолданушыларымен бөліскен. Олар өз кезегінде әншінің анасына тәнті болып, бұл образдың оған аса жарасымды екенін айтуда.

"Ең сұлу да, дана қазақ қызы" , "Әдемі жарасып тұр, керемет жансыз" , "Қызыл сізді ашып тұр" , "Жақсы жарасады сізге қазақ киімі" , "Ұлттық киім сізге күшті жарасып тұр" , "Ұзатылып бара жатқан қыздайсыз", "Қандай әдемі. Қазақи нақышта киінген өте әдемі көрінеді" , - деп жазуда желідегілер.

Оған қоса, Айдарбекова өзінің қазақ киіммен жүргенін көріп қалған жұртышылық онымен естелікке суретке түсі үшін кезекке тұрғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804091-kazaky-nakysta-kiingen-glzira-ajdarbekovaga-el-sjsindi-foto/

pixel