Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәмшаттан қай жерің кем?": Қанат Әлжаппаров Еркені Жолдыбаевамен салыстырды (видео)

Опубликовано:

Қанат Әлжаппаров "Көңілді тапқырлар алаңында" Ерке Есмаханның клипін сахнада күлкіге айналдырды. Әзілкеш Ерке Есмахан мен Кәмшат Жолдыбаеваның бейнебаяндарын салыстырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

"Жұлдыздар құрамасында" өнер көрсеткен Қанат Әлжаппаров командасындағы Ерке Есмаханға ашық-шашық клип түсіруге кеңес берген.

"Ерке, мен сенің 5 миллионды ысырап қылып түсірген бейнебаяныңды білемін ғой. Клипінде қалың киініп алады екен. Сол клип па? Клип деп Кәмшат Жолдыбаеваныкін айту керек.
Кәмшаттан қай жерің кем? Неге сол сияқты түсірмейсің? Камераның алдында өзіңді көрсете алмайсың ба? Қай жерің кем? Керісінше, бірнеше жерің артық", - деді Қанат Әлжаппаров.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың мамырында Кәмшат Жолдыбаева "Caramel" атты бейнебаянын жарыққа шығарып, көпшіліктің сынына қалған болатын.

Ал Жолдыбаеваның бейнебаянын кейін арада бір апта өткенде Ерке Есмахан Атырауда ерлікпен қаза тапқан 24 жастағы полицейге арнап клип түсірді. Әншінің бұл бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шығып, екі айда бес миллионнан артық қаралым жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804640-kmsattan-kaj-zeri-kem-kanat-lzapparov-erkeni-zoldybaevamen-salystyrdy-video/

pixel