Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғын құшақтап": Ерке Есмаханмен суретке түспек болған жігіт желіні шулатты (видео)

Опубликовано:

Instagram әлеуметтік желісінде Ерке Есмаханмен суретке түспек болған жігіттің әрекеті қызу талқыға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Видео @kazan_bas парақшасында жарияланған.

Бейнежазбадан екі жігіттің ән орындап тұрған Еркемен суретке түскісі келгенін аңғаруға болады. Бір қызығы, өнер жұлдызымен селфи жасамақ болған азаматтардың бірі әншінің аяғынан ұстап алған екен.

Бұл бейнежазбаны көрген көпшілік жігіттердің әрекетіне ызаланды.

"Аяғын құшақтап не болды? Еркек сияқты тұрмай ма?", "Аяғынан ұстап алыпты ғой", "Түк көрмеген сияқты", "Еркектер осылай жасаса, жаман көрінеді", "Аяғының астында не істеп жүр?", "Мен барып тұра алмас едім, еркектік қасиетім жібермейді", "Ерке, аяғыңызды құшақтап алған ба?" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804744-aagyn-ksaktap-erke-esmahanmen-suretke-tspek-bolgan-zigit-zelini-sulatty-video/

pixel