Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өшіріп тастаймын": Отандық әнші Димаштың әндерін тыңдай алмайтынын ашық айтты

Опубликовано:

Отандық әнші Қанат Үмбетов қазақстандық танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдай алмайтынын жеткізді. Өнер иесі бұл жайында Нұрсұлтан Құрманның бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген, Қанат Үмбетов. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Димаш Құдайберген, Қанат Үмбетов. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Бағдарлама жүргізушісі әншіден: "Димашқа деген көзқарасың қалай? Біздің эстрада сол бағытта дамығанын қалайсың ба?", - деп сұраған.

"Қаламайтын едім. Мен өз басым Димаштың концертіне барып, басынан-аяғына дейін отыра алмайтын едім. Димаш мықты әнші. Оны әлем мойындап тастаған. Оның диапазоны қандай?!
Өзімнің табиғатымда қатты айқайлай берген әндерді тыңдай алмаймын. Димаш болсын, басқа болсын. Тыңдап келе жатырсың, ортасына келіп айқайлағанда мен өшіріп тастаймын", - деді Қанат Үмбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1804845-sirip-tastajmyn-otandyk-nsi-dimasty-nderin-tydaj-almajtynyn-asyk-ajtty/

pixel